Қазақстан халық ассамблеясының жиырма бірінші отырысында елбасының алдында қазақша мәйегін бұзбай мәпелі сөз сөйлеген Ольга Сағындықовамен сұхбаттасқан кездегі әңгімесінен үзінді: Мен Ассамблеяны бір дастарқан басында бас қосқан татту-тәтті үлкен жанұя дер едім. Ассамблеяның нәтижесінде Қазақстандағы әр ұлт өкілдерінің мәдени орталықтары жұмыс жасауда: мәселен, кәріс, неміс, украин және т.б. Бұл әрине бейбітшілікпен татулықтың айғағы. Қазақ тілінде сөйлеуіме себепші болған қазақтың қасиетті домбырасы. 12 жасымнан домбыраны қолға алып қазақ тілін үйрене бастадым. Менің түсінгенім қазақ деген домбыра, домбыра дегеніңіз қазақ екен. Ең алғаш мені қазақ тіліне ғашық етіп, өнер жолына апарған да осы домбыра. Домбыра мен қазақ тілі - тұлпарлардың тұяғы, сұңқарлардың қияғы. Домбыраны сүю арқылы Нұрғиса Тілендиевпен таныстым. Қазақтың осынау үлкен дарын иесімен танысу мен үшін үлкен мәртебе. Консерваторияда белгілі күйші Айгүл Үлкенбаевадан тәлім алдым. Бүгінгі таңда Шығыс өңірі әскерінің домбырашысымын. Қазақ жерінде тұрып қазақша білмейтін қазақтарға таң қаламын. Тілін білмеген, түбірін білмейді. Ана тілі ол тарих сондықтан тілге үлкен құрметпен қарау, адам өзін құрметтегенменмен бірдей ғой. Жалпы тілге деген құрмет отбасынан басталады емес пе? Ата-анам: қазақ жерінде тұрғанымыз үшін тілі мен мәдениетін білуге міндеттіміз деп құлаққағыс қылып отыратын. Міне, анамның сөзін жерге тастамағандығымнан қазақ елі қашанда құшақ жая қарсы алады. Сондықтан қазақ жерінде мекен еткен әрбір ұлт қазақ тілінде сөйлей білуі керек деп ойлаймын. Қазір, міне, шүкіршілік! Ата-енеге сәлем салған қазақтың келінімін»